Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы, Ясный - 2  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Ф.Оңғарсынова ат.41 мектеп гимназия» КММ

(Ақтөбе қаласы, Жарық-2, Жаңа құрылыс 99А орналасқан)

Құрылыс мерзімі

сәуір 2017 – қыркүйек 2018

 Жалпы ауданы

10308,62

Қысқаша сипаттама

 Мектеп ғимараты  2018 жылы тұрғызылды, 600 оқушы орнына  есептелген. 

Оқыту тілі-қазақша.

          Мектеп директоры  Абдыгалиева Г.Б.

          Меншік нысаны  – мемлекеттік

          Орналасу орны: Ақтөбе қаласы, Жарық-2, Жаңа құрылыс 99А

          Жалпы ауданы  – 10308,62 ; 3 қабатты

          Ғимарат – 3 блоктан тұрады.

          Жобалық қуаты – 600  оқушылық орын.

          Мектеп контингенті 832 оқушыдан тұрады.

          36 класс комплектісі бар (1-4 класс -14, 5-11- 20 класс комплект).

          Қазақ тілді оқыту кластары-36

         

Мектеп оқушыларын «Су қоймасы», «Қобыланды батыр көшесі» тасымалдау жүргізіледі. Оның ішінде: «Су қоймасы» елді мекенінен -19 оқушы, «Қобыланды батыр көшесі» -34 оқушы тасымалданатын болады.

Педагогикалық қызметкерлер-84 адам, оның ішінде 82 жоғары, 2 арнаулы орта білімді.  Ғимаратта 29 оқу кластары, 2 информатика  кабинеті, мультимедиялық кабинет-1, интерактивті тақталы кабинеттер-19, 1 география,1 физика, 1 химияның кабинеттері бар. Мектепте  баланың оқуына және жеке тұлғалының  шығармашылық дамуына  мүмкіндіктер жасалған.

Оның құрамында:

             - спорт зал саны- 2;

- дәрігерлік пункт-1;

- кітапхана -2;

- асхана – 210 орынға есептелген;

- акт залы 130 орындық.

Ғимарат ауласындағы  спорт алаңы:

1. Баскетбол, волейбол алаңы – 390 м2

2. Жүгіру алаңы, ұзындыққа секіру алаңы  – 140 м

3. Гимнастика алаңы – жоқ

4. АӘД алаңы – 289 м2

5. Футбол алаңы – 3750 м2

6. Теннис алаңы – 177,4 м2

7. Іс-шараларға арналған алаң – 2659,6 м2

8. Бастауыш сынып оқушыларына арналған  демалыс алаңы – 1000,0 м2

9. Негізгі сынып оқушыларына арналған демалыс  алаңы – 450,6 м2

Мектеп ауласы қоршалған. Жылу беру қазандығы – автономды.