Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы, Ясный - 2  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәлімгерлік жоспары

  ______2022-2023___ оқу жылы

 Жас маман туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 Едігеұлы  Есіл

Білімі

жоғары

  Қандай оқу орнын қашан бітірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін 2022 жылы бітірді

Педагогикалық практиканың қорытындысы

Өте жақсы

Лауазымы

Математика пәні мұғалімі

Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары

 5 «Б» , 6 «А», 6 «Б»

Сынып жетекшілігі

жоқ

 

 Тәлімгерлікті іске асыратын педагог туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Шамова Салтанат Аронқызы

Білімі

жоғары

Қандай оқу орнын қашан бітірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін 2002 жылы бітірді

Дипломы бойынша мамандығы

Математика –информатика мамандығы

Педагогикалық өтілі

20 жыл

Лауазымы

Математика пәні мұғалімі

Тәлімгер жұмыс істейтін сыныптар

5 Ә, 10 Б, 11Б

Біліктілік санаты

Педагог - зерттеуші

Жұмыс мақсаты

Жас маманның  кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа,

іскерлікке дағдыландыру

 

Міндеттері

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын қадағалау

Сауалнама жүргізу арқылы ,жұмыс қарқықындылығының динамикасын анықтап отыру

 

Жұмыстың негізгі бағыттары

  жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамамен жұмыс;

  мектеп құжаттамасымен жұмыс істеуге көмек;

  жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;

оқу сабақтарын ұйымдастыруға көмек;

диагностикалық жұмыстар жасауға және талдауға көмек;

өзара сабаққа қатысу.

Қорытынды

жас маманның педагогикалық қызметін бағалау; жүргізілген жұмыс туралы бірлескен есеп.

 

Тәлімгерлікті іске асыратын педагогтің қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және оның мазмұны бойынша іс-шаралар

Қызмет мазмұны

Жұмыс нысаны

Мерзімі

1

 

Жас маманмен сұхбаттасып «Мектептің жұмыс режимімен және ішкі тәртібімен таныстыру»

ҰМЖ және ҚМЖ құрастырылуы бойынша әдістемелік көмек беру

Мектеп кітапханасының кітап қорымен таныстыру

 

Жас  маманды мектеп ережесімен таныстыру

 

Қыркүйек І апта

 

3

Мектепт құжаттарын толтыру бойынша көмек беру

Жаңа оқу жылындағы

балдық жүйенің шкаласымен таныстыру

 

Жас  маманға нормативтік құжаттарды түсіндіру

Қыркүйек ІІ апта

4

Жас маманға  қысқа мерзімді жоспар жасауға көмек беру

Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын бірлесе талқылау

Оқу тапсырмаларын дайындау тиімділігін үйрету

 

Жас  маманға сабақ жоспарын құру ерекшелігін түсіндіру

Қыркүйек ІІІ апта

5

Жас маманнан сауалнама алу

Жұмыс барысында кездескен қиындықтарын анықтау арқылы кәсіби шебірлігінің деңгейін саралау.

Өзіндік даму тақырыбын анықтату

Жас  маманның өзіндік талдауын саралау

Қыркүйек IV апта

6

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары және

Kundelік,bilimland.kz

порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылау

Жас маман сабағына

 қатысып

әдістемелік көмек беру

 

 

 

Білім беру платформаларымен жұмыс

Қазан    І апта

 

7

Жас маманмен:«Оқушының

дәптерімен,күнделігімен жеке іс қағаздарымен» қалай жұмыс істеу қажет екенін талқылау Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын саралау

 

 

Оқушының жеке құжаттарымен жұмыс

Қазан    ІІ апта

8

Жас маманның сабақ жоспарын бірлесе дайындап ,тиімді өтуіне,тәлімгер ретінде әдістемелік көмек беру

БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын,

қорытынды шығару жолдарын,

бағалау шкаласын талқылау

Жас маманға әдістемелік көмек

Қазан    ІІІ апта

9

Жас маманға І тоқсандық қорытынды шығару бойынша,жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруға бағыт-бағдар беру

Жиынтық бағалауды жинақтап, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін толтыруын қадағалау

Тоқсандық қорытынды жұмыстары

Қазан   IV апта

10

Оқу бағдарламасының

орындалуын бақылау,жас маманның жоспарының сәйкестігін қадағалау

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуынбақылау

 

Сабақтағы жаңашылдық

Қараша   І апта

 

11

Жас маманның сабағына қатысып әдістемелік  көмек беру

Сабақ жоспарын жасау,қысқа мерзімді жоспар жасауда сабақтың қай бөліміне басымдық беру қажет екенін түсіндіру

Олқылықтармен жұмыс

Қараша   ІІ апта

12

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары және

Kundelік,bilimland.kz

порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылау Жас маман сабағына

әдістемелік көмек беру

 

Өзара сабаққа қатысым

Қараша   ІІІ апта

13

Жас маманның өзін-өзі дамыту жоспарын талқылап,жұмысын бақылау

Жас маман сабағына ену,әдістемелік көмек беру

Сабақ талдау

Қараша   IV апта

14

Оқушы мінездемесін жазудың жолдарымен таныстыру

Жас маманның пед.ұжымға тез қалыптасуына,өзін еркін сезінуіне  ықпал жасау

 

Сыныптан тыс шараларға қатысым

Желтоқсан  І апта

 

15

Өз сабағына қорытынды жасай білуге бағыт-бағдар беру

Жас маманды тәлмігер ретінде сабаққа қатыстырып,кері байланыс алу

Іс - тәжірибе

Желтоқсан  ІІ апта

16

Кәсіби шебер мұғалім қалыптасуына сынып жетекшісінің ықпалын айқындау

Сынып жетекшісінің құжаттарымен таныстыру.

Жас маман сабағына  көмек беру

Сабаққа қатысым

Желтоқсан   ІІІ апта

17

Жас маманға ІІ тоқсандық қорытынды шығару бойынша,жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруға бағыт-бағдар беру Жиынтық бағалауды жинақтау, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін толтыруын қадағалау

Жас маманға

Желтоқсан  IV апта

18

І жарты жылдыққа жас маман жұмысына қорытынды жасау

Оқушымен ортақ тіл табыса білу жолдарын талқылау.Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдай алуды түсіндіру

Жас маман

Қаңтар  ІІ апта

19

Kundelік,bilimland.kz

порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылау

Тәлімгер ретінде сабаққа қатыстырып кері байланыс алу

Жаңа платформа

Қаңтар  ІІІ апта

20

Кәсіби шебер мұғалім қалыптасуына ықпал ету.

Олимпиада ,ғылыми жобаларға оқушыларды  дайындауға бағыттау.

Баспасөзге жазылым

Қаңтар  IV апта

21

Ашық сабақ дайындауға көмек беру.Сабақтың әр кезеңіне бағыт-бағдар беру

Тәжірибелі сабақтармен байланыс

Ақпан  І апта

 

22

«Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбынды әдістемелік көмек беру

Әдістемелік көмек

Ақпан ІІ апта

23

Әдістемелік көмек беру мақсатында жас маманның сабығына ену,қорытынды жасау

Тәлімгер

Ақпан  ІІІ апта

24

Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолдары тақырыбын талқылау

Жас  мамандар сайысына дайындау.

Басылымға мақала жариялауға бағыт беру

Жас маман

Ақпан   IV апта

25

Ашық сабақ дайындауға көмек беру.Сабақтың әр кезеңіне бағыт-бағдар беру

Тәлімгермен байланыс

Наурыз І апта

 

26

Мектеп –гимназия әкімшілігімен бірлесе жас маманның ашық сабағына қатысу

 Жас маманның пед.ұжымға тез қалыптасуына,өзін еркін сезінуіне  ықпал жасау

Тәжірибелі ұстаздар

Наурыз  ІІ апта

27

БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын,қорытынды шығару жолдарын,

бағалау шкаласын талқылау

Талдау

Наурыз   ІІІ апта

28

Жас маманға ІІІ тоқсандық қорытынды шығару бойынша,жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруға бағыт-бағдар беру

Қорытынды талдау

Наурыз  IV апта

29

«Оқушылардың жеке іс қағаздарымен жұмыс жүргізу ережесімен»таныстыру

Жас маманмен жұмыс

Сәуір І апта

 

30

Сабақ жоспарын дайындау.Сабақты жүргізу барысында,өзін-өзі бағалай білуге баулу,қайталау сабақтарын маңызын түсіндіру

Әдіс  - тәсілдер

Сәуір  ІІ апта

31

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын

қадағалау

Жаңа платформа

Сәуір ІІІ апта

32

Тәлімгер ретінде мектеп әкімшілігіне есеп тапсыру

Жас маманның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру

Жас маманмен сұхбат

Сәуір  IV апта

33

Жас маман бойында берілген тапсырманы дер кезінде орнындау жауапкершілігін қалыптастыру

Мұғалім портфолиосындағы жетістіктер мониторингісін шығару

Жетістіктер

Мамыр  І апта

 

34

Kundelік,bilimland.kz

порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылап ,жылдық қорытынды шығаруға дайындық жүргізу

 

 

Қорытынды талдау

Мамыр  ІІ апта

 

БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын алып,қорытынды шығару

Оқушылардың оқу үлгерімін,білім сапасын анықтау

Жылдық талдау

 Мамыр  ІІІ апта

35

Оқу бағдарламасының орындалуын саралау

Журнал жүргізіп,жылдық қорытынды шығаруға көмек беру

Жиынтық бағалауды жинақтау, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін толтыруын қадағалау

Қорытынды жинақ үлгілерін жинақтауда жас маманмен жұмыс

Мамыр IV апта

 

Жас маманмен жүргізілген жұмыс.

Тәлімгер Шамова С.А

Қыркүйек айында жас маман Едігеұлы Есіл Ф.Оңғарысынова атындағы мектепке математика пәнінің мұғалімі болып қабылданып жұмысын  бастады.Тәлімгер ретінде жас маманға « Мектептің ішкі режимімен және ішкі тәртібімен таныстыру» және 5«Б», 6 «а» , 6 «б» кластары математика пәнінен бекітіліп ҰМЖ және ҚМЖ құрастыру бойынша көмек берілді. 2002-23 жылғы әдістемелік нұсқау хат негізіндегі өзгерістермен толық танысты.Мектеп құжаттарымен , соның ішінде жаңа оқу жылындағы балдық жүйенің шкаласымен таныстырылды. Мектеп кітапханасымен танысып,әдістемелік құралдар,сабақ барысында әдебиеттермен танысып отыруы туралы нұсқау берілді.Оқытудың тиімді әдіс тәсілдері қолдану жолдары туралы тәлімгермен талқыланып сұхбат өткізілді. 1. Қазан айында жас маманның Kundelik порталымен жұмыс жасау дағдысы қаралып , порталмен жұмыс жүргізу жолдары талданды.Жас маманның сабақ жоспарын бірлесе дайындап БЖБ,ТЖБ жасауда бағыт

бағдар берілді. Білім үрдісіндегі жаңа технологияны меңгерту мақсатында « 4К моделі- Басқару жүйесі» атты « Мұғалім мерейі» Республикалық педагогикалық журнал аясында өткізілген семинарға қатысып сертификат алды. 2. Тәлімгер 5в класындағы « Мәтінді есептерді шығару» сабағына кіріп әдістемелік көмек берілді. Кері байланысты қолдану тәсілдері талданды.Осы айда 6 а класс оқушысы Қаршыға Әлиханды 5-6 класс

оқушылары арасында өткілген қалалық математика пәнінен олимпиадаға дайындап, нәтижесінде жүлделі 2-ші орынды иеленді 3. Желтоқсан айында әдістемелік көмектермен бірге тоқсандық қорытынды баға шығару, оқу сапасын салыстыру жұмыстары қаралды. Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруды үнемі басшылыққа алып отыру , уақытында бағалау туралы жас маманға ескерту жасалды. Қаңтар айында жас маманның 1 жартыжылдық жұмысына қорытынды жасалды. Білім сапасы бойынша әр сынып көрсеткіші талданды. 2 жарты

жылдық бойынша жоспарымен танысып сұхбат жүргізілді.Оқушыларды пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындау туралы бағыт бағдар берілді. 4. Ақпан айында ,Жас маман үйрену мақсатында тәлімгермен қоса

тәжірибелі ұстаздар сабағына қатысып отыруы үнемі ескертіліп отырады.Бұл айда Едігеұлы Есіл « Жүзден жүйрік» атты республикалық пәндік олимпиадаға қатысып алғыс хатпен марапатталды. Daryn.online Республикалық білім беру платформасының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық 80 сағаттық « XXI ғасыр  ұстазы-жаңашыл мұғалім» атты курсын оқып бітірді .Білімін жетілдіру  мақсатында «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін   арттыруда бүгінгі күннің жаңашыл әдіс- тәсілдерін қолдану  ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинарға қатысып  сертификатталды. Мектепте жас мамандар сайысы өткізіліп , Едігеұлы  Есіл 5 б класымен « Ондық бөлшектер және оған амалдар қолдану» атты  ашық сабағын өткізді.Сабақта бірнеше әдіс тәсілдерді көрсете  отырып,әріптестерінен жақсы пікір алды. Және барлық бөлім бойынша қорытындыланып «Үздік жас маман- 2023» байқауының 3 орын иегері  атанды.ҚМЖ жұмысы облыстық «Педагогикалық шолу» журналына  ұсынылды.Сонымен қатар оқушыларын да олимпиадаға дайындап нәтижесінде 10 оқушысы «АҚБОТА» зияткерлік оимпиадасының I,ІІ,ІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.

 

Тәлімгерлік жоспары

________2022-2023___ оқу жылы

Жас маман туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 Әминов Шыңғысхан Жамбылұлы

Білімі

жоғары

  Қандай оқу орнын қашан бітірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін 2022 жылы бітірді

Педагогикалық практиканың қорытындысы

Өте жақсы

Лауазымы

Математика пәні мұғалімі

Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары

 5 В, 6Ә, (7ә,8а,9а,9б)

Сынып жетекшілігі

жоқ

 

Тәлімгерлікті іске асыратын педагог туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Садыкова  Шынар  Жасбуынкызы

Білімі

жоғары

Қандай оқу орнын қашан бітірді

Орал педагогикалық  институтын 1995 жылы бітірді

Дипломы бойынша мамандығы

Физика, информатика және есептеуіш техника  мамандығы

Педагогикалық өтілі

25 жыл

Лауазымы

Физика  пәні мұғалімі

Тәлімгер жұмыс істейтін сыныптар

8 А,8Б,9А,9Ә,10А,10Б,11А,11Б

Біліктілік санаты

Педагог - зерттеуші

Жұмыс мақсаты

Жас маманның  кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа,

іскерлікке дағдыландыру

 

Міндеттері

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын қадағалау

Сауалнама жүргізу арқылы ,жұмыс қарқықындылығының динамикасын анықтап отыру

 

Жұмыстың негізгі бағыттары

  жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамамен жұмыс;

  мектеп құжаттамасымен жұмыс істеуге көмек;

  жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;

оқу сабақтарын ұйымдастыруға көмек;

диагностикалық жұмыстар жасауға және талдауға көмек;

өзара сабаққа қатысу.

Қорытынды

жас маманның педагогикалық қызметін бағалау; жүргізілген жұмыс туралы бірлескен есеп.

 

Жас маманмен жүргізілген жұмыс .

Тәлімгер Садыкова Ш.Ж

  1. Қыркүйек айында жас маман Әминов Шыңғыс ЖамбылұлыФ.Оңғарысынова атындағы мектепке математика пәнінің мұғаліміболып қабылданып жұмысын бастады.Тәлімгер ретінде жас маманға « Мектептің ішкі режимімен және ішкі тәртібімен таныстыру» және5в,6ә,7ә,8а,9а,9б кластары математика пәнінен бекітіліп ҰМЖ жәнеҚМЖ құрастыру бойынша көмек берілді. 2002-23 жылғы әдістемелікнұсқау хат негізіндегі өзгерістермен толық танысты. Мектеп құжаттарымен , соның ішінде жаңа оқу жылындағы балдықжүйенің шкаласымен таныстырылды. Мектеп кітапханасымен танысып, әдістемелік құралдар,сабақ барысында әдебиеттермен танысып отыруы туралы нұсқау берілді.Оқытудың тиімді әдіс тәсілдері қолдану жолдары туралы тәлімгермен талқыланып сұхбат өткізілді.LS зерттеу тобына тіркеліп /тренері Алиманова Г/ әдіс тәсілдерімен танысты. 2. Қазан айында жас маманның Kundelik порталымен жұмыс жасау дағдысы қаралып , порталмен жұмыс жүргізу жолдары талданды.Жас маманның сабақ жоспарын бірлесе дайындап БЖБ,ТЖБ жасауда бағыт бағдар берілді. Білім үрдісіндегі жаңа технологияны меңгерту мақсатында « 4К моделі- Басқару жүйесі» атты « Мұғалім мерейі» Республикалық педагогикалық журнал аясында өткізілген семинарға қатысып сертификат алды. 3. Тәлімгер педагог Ш.Садықова « Жас мамандар» мектебінің жетекшісі М. Ерғалиевамен бірлесе отырып « Сабақта кері байланыс берудің тиімді жолдары» тақырыбында жас мамандарға тренинг ұйымдастырды,Ш.Әминов белсене қатысым көрсетті. 5в класындағы « Аралас бөлшекті дұрыс бөлшекке айналдыру» сабағына кіріп әдістемелік көмек берілді. Кері байланысты қолдану тәсілдері талданды. Осы айда Ш. Әминов « PIRLS халықаралық зерттеу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырған семинарда 8 академиялық сағат көлемінде білім алып, куәлік алып шықты. 4. Желтоқсан айында әдістемелік көмектермен бірге тоқсандық қорытынды баға шығару, оқу сапасын салыстыру жұмыстары қаралды.

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруды үнемі басшылыққа алып отыру , уақытында бағалау туралы жас маманға ескерту жасалды. 6 ә класына «Өрнектерді тепе тең түрлендіру» атты сабағына қатысып Ш.Әминовтың оқушы мен арасындағы білім берудегі жетістіктері мен кемшіліктері талданды. Осы атаулы айда білімін жетілдіру мақсатында « Педагог – модератор», « Педагог-сарапшы» бағытында өткізілген семинарға қатысып сертификат алды.Және «Цифрлық сауаттылық негіздері» және ААЖ-да жұмыс жасау Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептер үшін біліктілікті арттыру 72 сағат көлеміндегі онлайн курсынан өтіп сертификат алды. 5. Қаңтар айында жас маманның 1 ж артыжылдық жұмысына қорытынды жасалды. Білім сапасы бойынша әр сынып көрсеткіші талданды.Білімін жетілдіруді үнемі басшылыққа ала отырып « Білім ортасының трансформацияға дайындығын анықтау» атты Қазақ Білім Беру Сарапшылары лигасы президенті ұйымдастырған семинарға қатысып сертификат құжатымен расталды. 2 жарты жылдық бойынша жоспарымен танысып сұхбат жүргізілді.Оқушыларды пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындау туралы бағыт бағдар берілді. 6. Ақпан айында «оқушымен тіл табысу білесің бе» атты дискуссия өзара тәлімгермен пікірлесіп , оқушының психологиясына зерттеу жасай білу дағдысын қалыптастыруға бағыт бағдар берілді. Жас маман үйрену мақсатында тәлімгермен қоса тәжірибелі ұстаздар сабағына қатысып отыруы үнемі ескертіліп отырады.Бұл айда Әминов Ш Республикалық Daryn.online желілік басылымына публикация жариялағанын растайтын сертификат алды.Және осы платформаның ұйымдастыруымен 80 сағаттық ХХI ғасыр ұстазы –жаңашыл мұғалім» курстан өткенін сертификатпен растады. « Жүзден жүйрік» атты республикалық пәндік олимпиадаға қатысып алғыс хатпен марапатталды. « Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2023» облыстық педагогикалық байқауына Ш.Әминов қатысып,жеңімпаз болып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектепте жас мамандар сайысы өткізіліп , Ш.Әминов 5 в класымен « Ондық бөлшектер және оған амалдар қолдану» атты ашық сабағын  өткізді.Сабақта бірнеше әдіс тәсілдерді көрсете отырып,әріптестерінен  жақсы пікір алды. Және барлық бөлім бойынша қорытындыланып  «Үздік жас маман- 2023» байқауының 3 орын иегері атанды.ҚМЖ  жұмысы облыстық «Педагогикалық шолу» журналына  ұсынылды.Сонымен қатар оқушыларын да олимпиадаға дайындап  нәтижесінде 7 оқушысы «АҚБОТА» зияткерлік оимпиадасының II , III дәрежелі диплом иегерлері атанды.