Байқауға қала мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың ашылуында Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының директоры Абдыгалиева Гульдария Болатбековна мен «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Ералина Бағила Төлепбергенқызы алғы сөз сөйледі.
«Ғажайып» жастар театр-студиясының «Фариза - Фантазия» атты театрландырылған хореографиялық-музыкалық әдеби композициясының І бөлімі қатысушылар назарына ұсынылды.Байқау үш бағытта өткізілді. І бағыт: «Сен мені білесің бе, білесің бе?» ақын өлеңдерін жатқа оқу бағыты (5-11 класс оқушылары).
ІІ бағыт: «Фариза - жыр падишасы» ақынның шығармашылығы бойынша ғылыми жобалар байқауы (9-11 класс оқушылары ). ІІІ бағыт: Фаризаға арнау» бөлімі ақынға арнау өлеңдерін жатқа оқу байқауы.
«Фариза» мұражайы қонақтарға таныстырылды. «Ғажайып» жастар театр-студиясының «Фариза – Фантазия» атты театрландырылған хореографиялық-музыкалық әдеби композициясының ІІ бөлімімен байқау қорытындыланды.Байқау жеңімпаздары Ақтөбе қаласының білім бөлімінің тарапынан жүлделі орындарымен марапатталды.