Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы, Ясный - 2  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

16 қаңтар күні Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп – гимназиясында «Сабақты зерттеу тәсілін (Lesson Study) мектепте іске асырудың әдістемесі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Турекулова Лида Туребековнаның жетекшілігімен шығармашылық шеберхананың отырысы өтті. Шеберхана жұмысын Әдістемелік кабинет әдіскері Ералина Бағила Төлепбергенқызы ашып, сабақты зерттеу тәсілін мектепте іске асырудың әдістемесін меңгерту арқылы педагогикалық ұжымның әдістемелік потенциалын жетілдіруге болатынын атап өтті. Шеберхана жұмысы барысында «Сабақты зерттеу тәсілінің бірі - Lesson Study: ұйымдастыру жолдары» тақырыбы бойынша коучинг ұйымдастырылып, сабақты зерттеу тәсілдерімен танысу, сұрақ қою, шығармашылық топ құру, зерттеу сабағын ұйымдастыру жолдары тәжірибемен ұштастырыла талқыланды. Жұмыс соңында келген мамандардан мектеп тренері Избасарова Фарида Жонысқызы «Үш сөзбен» әдісі арқылы кері байланыс алып, жұмысты қорытындылады.