Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында #41 мектеп-гимназиясында математика пәні мұғалімі,педагог зерттеуші Сапарғалиева Ұлболсын Дүйсенқызының "SMART сабақтан - SMART мектепке" атты шығармашылық шеберханасының отырысы ZOOM платформасында өтті.Шеберхана жұмысы барысында Smart оқыту аясындағы "Cuizziz","Coogle forms" бағдарламаларымен және "Opyt teachera" сайтымен жұмыс жасау тиімділігі айтылып,тәжірибедегі нәтижелері көрсетілді.
№41 мектеп - гимназиясында "Іс әрекеттегі зерттеу сұрағы" тақырыбында зерттеу сабақтарын жүргізуші мұғалімдерге арналған семинар өтті. Семинарда өзекті зерттеу сұрақтарын таңдау барысында сүйенетін критерийлер туралы айтылып,зерттеу топтары жұмыстарының алгоритмдері таныстырылды. Семинарды сертификатталған ІІ деңгейлі педагог - зерттеуші Жакупова Н.Қ жүргізді.