Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы, Ясный - 2  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп гимназия» КММ 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. 

«Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп гимназия» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Ясный-2, Құрылыс 99А мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. байланыс телефоны: 87132 458140

 

Қамқоршылық кеңес - заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

  1. білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
  2. білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагог ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
  3. білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  
  4. білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

 

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

  1. әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   
  2. тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  
  3. халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  4. білім беру ұйымы жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

 

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагог қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагог және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады.