Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясына педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
-Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының 《enbek.kz》 сайты арқылы білуге болады;
-Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап ,7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
-Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды алады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін);
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген)
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(бұдан әрі -ҰБТ) немесе педагог-модератордың,педагог-сарапшының,педагог-зерттеушінің,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда)
10) 11 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған.
Ақтөбе қаласы ,Құрылыс 2, ☎️ 45 -81-40