Жаңа оқу жылында мектеп - гимназияның педагогикалық құрамы жоғары және арнаулы оқу орындарын биыл бітірген 8 жас маманмен толықты. Кәсіпке бейімдеу және ұстаздықтың қыр - сырын үйрету мақсатында жас мамандарға шебер және зерттеуші педагогтар құрамынан құрылған тәлімгерлер тағайындалды. "Жас келсе іске" дегендей, ортамызға қосылған жас әріптестерімізге жастық жалын мен тың идеяларға толы шығармашылық табыс тілейміз.
Мектепішілік жоспар бойынша 10 қарашада «Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары» тақырыбында жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жас педагогтар тәлімгер мұғалімдерімен біріге отырып, сабақ мақсаттарының жүзеге асырылуын , сабақ жоспарының құрылымын, сонымен қатар, көкейкесті сұрақтардың жауаптарын бірге талқылады.