Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы, Ясный - 2  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылдың 22 қараша күні қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес  Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп – гимназиясында жаратылыстану пәндерінен “Жаратылыстану сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері” тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың ашылуында «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Садықова мен мектеп - гимназия директоры Г. Абдыгалиева сөз сөйледі. Семинар мектеп - гимназия гимні, оқушылардың "Фариза - Фантазия" қойылымын қоюуымен және домбырашылардың өнерімен басталды. Семинарға келген мұғалімдер Фариза мұражайын тамашалап, мұражай қызметімен танысты.

Мақсаты: Білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін негізге ала отырып, жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.

Семинарға «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Садықова мен қала мектептерінен химия, биология және география пәні мұғалімдері қатысты.

Семинарда биология пәні мұғалімі Іліяс Г.Ж. сабағында тақырыпқа сай тапсырмалардың түрлерін әртүрлі платформада көрсетті. «WordWall», «Flippity» платформалары арқылы құрылған тапсырма үлгілерін оқушылар белсенділікпен орындады. География пәні мұғалімі Кенжебай Р.М . сабағында  кескін картаға өзен атауларын түсіріп, интербелсенді тақтадан көрсетіп, кері байланысты оқушылар "Padlet"платформасы арқылы жасады. Химия пәні мұғалімдері А.Ж.Дәулетбаев және Б.Ж. Аширова қызықты химиялық тәжірибелер көрсетсе, биология пәні мұғалімі С.Т.Сатанова зертханалық жұмыс түрін келген әріптестерінің назарына ұсынып,өз тәжірибелерімен бөлісті. Биология пәні мұғалімі  Н.Ө.Жанаеваның ұйымдастыруымен өткізілген коучингте мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып, практикалық жұмыс орындады. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т.Самиева кері байланыс жасады.Семинар  соңында семинарға қатысушы ұстаздар пән мұғалімдерінің  ашық сабақтарының ұтымды тұстарын атап, өздерінің семинардан алған тиімді тәсілдерін атап көрсетті, жылы лебіздерін арнады.