Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы, Ясный - 2  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі

Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесі - білім ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі. Қамқоршылық кеңесі дегеніміз – білім беру ұйымыны бюджеттен тыс қаржы құйылуын қамтамасыз ететін және оның ұйым мен оқушылар қажеттігіне жұмсалуын ашық түрде жүргізетін заңнама тұрғысынан сауатты құрылған пәрменді құрылғы.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты – мектепке қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауы қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасын нығаюын, сондай-ак оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Қамқоршылық Кеңес білім беру ұйымының әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Білім беру ұйымы бассшылығының Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебін тыңдап, қабылдайды.

Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп гимназиясында осы мақсатта құрылған Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы 2017 жылдың қаңтар айынан бастап  Қоғам қайраткері, «Ер Бақыт» патриоттық клубының жетекшісі, Ауған соғысының ардагерлер Кеңесінің төрағасы – Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы атқарады.

Қамқоршылық Кеңесінің құрамында мектеп ата-аналары мен ардагерлер кеңесінің құрамынан барлығы 9 адам қызмет атқарады. Қазіргі таңда Қамқоршылық Кеңестің қатысуымен мектеп бойынша әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына демеушілік есебінен көмек көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар тәрбиелік мәні зор қоғамдық шаралар Қамқорышылық Кеңес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

2019-2020 оқу жылында №41 мектеп-гимназиясында мектеп оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қатысушыларды  дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға тарту мақсатында "Ақтөбе -150 жыл" атты күзгі марафоны  өткізілді.

№ 41 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің ұстаздары мен "Қамқоршылық" кеңесінің мүшесі  Қойлыбаев М.А ұйымдастыруымен 24  желтоқсан күні ақынның 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Өмірі толы өнеге» атты сыр - сұхбат  кеші өтті. Сыр - сұхбат кешіне ақын, жазушы, журналист, публицист Мейірхан Ақдәулетұлы, ҚР білім беру ісінің үздігі, Ақтөбе педагогикалық институтының құрметті профессоры, "Қос шынар" Әлия- Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес, "Өрлеу" БАҰО АҚ біліктілікті арттыру институтының кафедра меңгерушісі, педагогика  ғылымдарының кандидаты, доцент Қаплиева А.Қ

Келген қонақтар ақын Ф.Оңғарсынованың ескерткіш - тақтасына гүл шоғын қойып, мектеп - гимназия жанынан ашылған мұражайда мектеп оқушылары мен ұстаздарына ақын шығармашылығы , қоғам қайраткерлігі туралы естеліктер айтты. Кеш барысында мектеп - гимназия оқушылары ақын өлеңдерін оқыды. Кеш соңында келген қонақтар балаларға  ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, оқушылар арасында ғана емес, Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің  мектепішілік жалпы ата-аналар жиналыстарына қатысыпы, қоғамдық өзекті мәселелерді көтеруі де маңызды рөл атқарады. Қамқоршылық Кеңес төрағасы Қойлыбаев М.А « Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында баяндама оқып, қоғам дертіне айналған жемқорлық әркеттерінен аулақ болуға, балаларымызды соған отбасында тәрбиелеуге шақырды.