Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы, Ясный - 2  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық Кеңесінің хаттамасы №4

«28» тамыз 2023 жыл

Қатысушылар:

  1. Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы - Кеңес төрағасы

  2. Рахманов Әбдіғани - кеңес мүшесі

  3. Өтеміс Индира - кеңес мүшесі

  1. Кенжегереев Төлеген - кеңес мүшесі

  2. Арзакулова Гүлмира - кеңес мүшесі

  3. Аманбаева Айгүл Анатолийқызы - хатшы

  4. Ата-аналар комитеттері

  5. Мектеп әкімшілігі

Қаралатын мәселе:

  1. «2023-2024 оқу жылындағы мектеп дамуының басым бағыттары, Ішкі тәртіп ережесі».

  2. Қамқоршылық Кеңес құрамын қайта сайлау

  3. 2023-2024 оқу жылында әлеуметтік және материалдық көмекке мұқтаж отбасыларымен жүргізілген жұмыстар, «Мектепке жол» акциясы барысындағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастыру

Тыңдалды:

1-ші мәселе бойынша сөз сөйлеген Абыдгалиева Г.Б:

2023-2024 оқу жылындағы мектеп дамуының басым бағыттарын таныстырып өтті. Мектеп формасының мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес сақталуы керектігін, ата-аналар тарапынан біріккен шаралардың жүргізілу керектігін атап шықты.

2-ші мәселе бойынша сөз сөйлеген Қойлыбаев М.А:

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 «Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі» таныстырды. Қыркүйек айында мектептің сайтына Қамқоршылық Кеңесінің мүшелерін қайта сайлау өтетіндігі туралы хабарландыру жариялауды ұсынды. Қамқоршылық Кесңесінің құрамына кімдер сайлана алатынын баяндады:

Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды. Қамқоршылық кеңестің құрамына:

  1. осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

  2. педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

  3. жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

  4. үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

  5. қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

  6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

  7. оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

 

3 - ші мәселе бойынша сөз сөйлеген Қайырбаева Г.Т:

 

2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің №64 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес 01.08-15.08.2023 жыл аралығында 36 ата-анадан ( 80 білім алушы) материалдық көмек сұраған өтініштер түсті, оның АӘК-22, жетім-3, ҰБМБ базасынан алынған күнкөріс деңгейі төмен 43 білім алушы сонымен қатар алқа жиыны кеңесінің шешіміне 12 білім алушы өтініш беріліп отыр. Ұсынылып отырған 12 оқушының 6 отбасының тұрмыстық зерттеу актілері толтырылып, комиссия мүшелері өтініш берген отбасылардың материалдық көмекке мұқтаж екендігін анықтады. Сұраныс берілген білім алушылардың ата-аналарына бір жолғы материалдық көмек беру ұсынылып отыр және де тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 қаулысына сүйене отырып, оқушыларды мектепке дайындығы үшін бөлінетін қаржы мәселесін қарауды қамқоршылық кеңеске 6 отбасыны 12  оқушыны ұсынамыз.

Олар:

1). Нугыманова Гулжахан Ермекбаевнаның 3 баласы:

Аманбаева Жұлдыз Қайратқызы

Аманбаева Құндыз Қайратқызы

Қайрат Ислам

2). Уразова Карлыгаш Бакитжановна қызы Уразова Айым Жасбековна

3). Калиева КалжанТотановна қызы Калиева Жанай Дамирқызы

4). Акниязова Гулжайна Бакитовна 2 баласы:

Ақниязов Айсұлтан

Ақниязова Аяжан

5). Кеулимжаева Бакыт Жолаушыбаевна 4 баласы:

Аманжол Аягоз

Асланұлы Ерасыл

Асланқызы Жансая

Жолаушыбай Азель

6). Таженов Серик Куанышевич ұлы Таженов Нурхан Серикулы

 

Шешім:

  1. Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы сақталсын.

  2. Мектептің сайтында Қамқоршылық Кеңестің құрамын қайта сайлау туралы хабарландыру жариялап, өтініштерді қабылдау жұмыстары жүзеге асырылсын.

  3. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік және материалдық көмек алуға жағдайы келмейтін мұқтаж отбасы балаларына демеушілік көмек көрсету шаралары ұйымдастырылсын.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Қойлыбаев М.А

Хатшы: Аманбаева А.А